Атқ@н т@ңның @р@йын@н тілеймін…

19 Мам

vkototy.wordpress.com

Жүрген жоқсың артта қалып басқадан,

Таңсық емес,

Білем саған асқақ ән.

Әттең  қызбын, сол себепті кей сәтте,

Намысқойлық  жігерімді жасқаған…

Оқуды жалғастыру

Жолд@нб@ғ@н х@тт@р – 3

19 Мам

Өңіңнің, көңіліңнің өзгерісін,

Сұм жүрек сезбесін бе сезген ішім.

Әдетім өткізіп ап өкінетін,

Өзіме кеш білініп өз кемісім…


   Кісімін түстен кейін есі кірген,

   Түстен кейін білгеннің несі білген?

   Т@биғ@ты  ұяңд@у    Қ@З@Қ  ҚЫЗЫНА,

   Қарауыңды өтінемін, кешіріммен…

         27.03.2011 Алматы

Қызғ@нб@ З@ңғ@р, мені ешкімнен…

19 Мам

 

kerekinfo.kz (сурет алынды)

                            (Қызғанб@  , З@ңғ@р, мені ешкімнен)

                            Байқаусыз қашықтатар сені менен,

                           Қызғаныш бір алапат сезім екен.

                           Қызғана бермеші , Заңғар,  жоқ себептен,

                          Тұрайын күліп қана көзіңде мен…

26.04.2007.Сүмбе

ӨМІР деген КҮРЕС қой түсінгенге…

6 Мам

                                      (ЭССЕ)

                  Өмір   –   сырға толы, қызық әлем. Жүрекке     бірде       қуаныш     сыйлап, шаттандырса,  бірде еріксіз мұңға бөлейді. Менің түсінігімше, өмір – теңдесі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы. Біз, яғни адамзат баласы сол ғаламат сыйлықтың қадіріне жетіп, бағалай білуіміз қажет. «ӨМІР -КҮРЕС» дейді ең бастысы «Дүние алма кезек» дегендей, жалғандағы БАРША қиындықтың уақытша екендігін ұғынып, «ӨМІР» атты кемеде қатарыңнан қалмай жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын да жеңе білу керек. Сонда ғана біз өмірдің ғажайыптылығын сезіне аламыз. Мен туғанымнан бері тағдырдың сан түрлі соқпақтарында кездескен қиындық атаулының барлығын дерлік, шынайы сенімділікпен «Тек алға!» деген өмірлік ұстанымым арқылы ШАМАМНЫҢ КЕЛГЕНІНШЕ, жеңіп келемін. Кейде ойлаймын, «Менің осыншалықты сәттілігім мүмкін менің дүние есігін ЖЕҢІС КҮНІ АШҚАНДЫҒЫМНАН болар», – деп. )))   Бәлкім, мұндай себептен емес те шығар… Қалай десек те, менің өзімнің басқа жай күндерде емес, дәл осы күні, яғни халқымыз үшін ерекше маңызды Жеңіс күнінде тууымды «жай кездейсоқтық» деп қарамаймын. Мені мұндай байланыс қатты толғандырды. Сол себептен болар, жас жүрегімде мынадай жауқазын жыр… тұнды: (Кейбір кездерде осылай жыр жазатыным бар)

Жеңіс күні келіппін жер бетіне, 

Күн күлімдеп қарапты келбетіме. 

Тыңдаумен бесік жырын, жеңіс жырын, 

Бесігімде жатыппын тербетіле… 

kz.xit.kz

Оқуды жалғастыру

Іздедім сені қиялымдағы белгісіз жан… (немесе қиялымдағы идеалды жанға арнаймын)

5 Мам

           Көңілдің кейбір кездері 

 

bakitgul.blogspot.com

                                 Іздедім сені,

                                 Орманды ағаш бақтардан. 

                                Ақ қанат арман, 

                               Аққулар ұшқан жақтардан.

                            Қиялымдағы жанды әйтеуір бір, көрермін деп, 

                            Күніне бір рет жыр дәптерді ақтарғам.

Іздедім сені,

Нөсерден, отты жасыннан.

Қырандар ұшқан,

Шыңдардың сонау басынан.

 

         Талпындым саған, 

        Талабымды ұштап тәтті үміт 

Қиялымдағы идеалды жанмен қауышпақ болып асығам.

          Іздедім сені, 

         Өр өзен тасқан арнадан. 

         Сен үшін қиял қиянның бәрін шарлағам. 

        Іздедім сені, 

      Іздеумен сені өтермін,

     Махаббат дейтін аяқталмайтын арман ән!.. 

                                                          (Қайдасың сен?..)  25.03.2011 жыл. Алматы, КазГУград       

bakitgul.blogspot.com        

(Сурет алынды )

   

« Өмір дегеннен күдер үзуге болмайды!» деген оптимистік көзқарастағы пікір…

3 Мам

                  Жалпы, біздің     этнос    танымында    жамандықты   жақсылық   түбі   жеңеді деген түсінік қалыптасқан. Қандай ертегіні алып -қарасаңызда соңында бәрі де бақытты болып, мақсат – мұраттарына жетеді  немесе қазіргі тілмен айтқанда, happy end -пен бітіп жатады. Мұның өзі меніңше, көп дүниеден сыр аңғартады… Өмірдің өзі тақтайдың бетіндей түп -түзу емес, сол өмірдің бұралаң жолдарында кейбір жандар адасып жатады, өкінішке орай. Тіпті кейбірі мына өмірден мүлде баз кешіп, тығырықтан шығудын жолын өзі- өзіне қол жұмсаудан (суицидтен)іздейді. Әрине, оларды да түсінемін, әр түрлі себептерден барады сондай қадамға.Алайда, оның салдары Меніңше, адам қандай жағдай болмасын, сабырлылық пен темірдей төзімді өзіне серік етсе, барлығы да өз орнымен реттеледі. Осы ретте,әлемдік классикалық туындылардың ішіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі  «Мың бір түнде»  бірінші қыз: «Өмір дегеннен күдер үзуге болмайды» деген оптимистік көзқарастағы пікірді айтады. Расымен де, «Өмірден ешқашан да баз кешуге болмайды»… Сіз қалай ойлайсыз, ойлы оқырман?..

thenews.kz

                                                  Оқуды жалғастыру

Жолданбаған хаттар – 2

3 Мам

Кешірші   мені,   Заңғар!..

Қызғаныш  оты  өртесе де қызба сынменен,

Сүйемін  деп  айта алмай  қыз басымменен.

Өр  сезімді өршітіп,  ізгі асылменен,

Мойындай білмегенім үшін…

                           Кешір, кешір…

                          Мұны   айтып   көрмегенім үшін.

                         Әміріне   жүректің көнбегенім үшін.

                         Саған    көңіл    бөлмегенім   үшін… 

Оқуды жалғастыру

Жолд@нбаған хаттар -1

2 Мам

Тәкаппарлау    талғамым,

Содан ба екен

Жалғыздық қазір жалғаным…

           

           Арманым…

           Телефонмен…

         Сездің бе сен айтарымның

         езуімде қалғанын…

           ЗАҢҒАРЫМ    МЕНІҢ, ЗАҢҒАРЫМ?!

       

           Оқуды жалғастыру

Қадіріңе жете алмаған шығармын…

2 Мам

                                                             Оқушылық кездегі күнделіктегі жырлардан…

                                                                

Ғашық болғанда ару қызға сан дарын,

Бір   өзіме   дос   етуші ем    мен   бәрін.

Абайсызда «АҒАжан»  еттім  өзіме,

Ақтам сынды алып ауылдың Заңғарын.

                   Сен сол күні ән айттың  ғой әр түрлі.

                  Өнеріңмен   сегіз    қырлы   бір   сырлы.

                 Айтысуға   аудан   төріне    барғанда,

                 Естідім   мен   сенің    қоңыр даусыңды.

Қуанышқа бөлеу үшін келіп пе ең,

Қандай жансың мұз  жүректі еріткен?

Батылдықпен   жігіт   жайын  Заңғар –ау,

Таныса сап сұрадың сен неліктен? Оқуды жалғастыру

Сіз білесіз бе?

29 Сәу

                                                                                                                (жиған – терген)          
                          Нені ұмытпау керек?    
       1. Жаратушы – жалғыз Аллаға қарыз; 
      2. Ислам дінінің иесі – Мұхаммед пайғамбарымызға қарыз;
3. Өмірге әкелген ата – анамызға қарыз;
4. Тәлім, тәрбие берген – ұстазымызға қарыз.

                                       Бұлжымас бес борыш
Ағайын, жақын, таныс адамдардың бір – біріне деген. Олар:
1. Аллаға, пайғамбарымызға байланысты борыш;
2. Адамның өз – өзіне байланысты борыш;
3. Мемлекет пен халық алдындағы борыш;
4. Үй іші, жақындарына байланысты борыш;
5. Адамгершілік әлеміне деген борыш.
 Бұл қағида Мұхаммед пайғамбарымыздан қалған.

                                Айнымас алты парыз
Сыйлас, аралас – құралас жүрген адамдардың бір – біріне деген алты парызы бар. Олар:
1. Бір – біріне әдейі іздеп барып, сәлем беруге; Оқуды жалғастыру