Мұрағат | 9:24 тд

ӨМІР деген КҮРЕС қой түсінгенге…

6 Мам

                                      (ЭССЕ)

                  Өмір   –   сырға толы, қызық әлем. Жүрекке     бірде       қуаныш     сыйлап, шаттандырса,  бірде еріксіз мұңға бөлейді. Менің түсінігімше, өмір – теңдесі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы. Біз, яғни адамзат баласы сол ғаламат сыйлықтың қадіріне жетіп, бағалай білуіміз қажет. «ӨМІР -КҮРЕС» дейді ең бастысы «Дүние алма кезек» дегендей, жалғандағы БАРША қиындықтың уақытша екендігін ұғынып, «ӨМІР» атты кемеде қатарыңнан қалмай жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын да жеңе білу керек. Сонда ғана біз өмірдің ғажайыптылығын сезіне аламыз. Мен туғанымнан бері тағдырдың сан түрлі соқпақтарында кездескен қиындық атаулының барлығын дерлік, шынайы сенімділікпен «Тек алға!» деген өмірлік ұстанымым арқылы ШАМАМНЫҢ КЕЛГЕНІНШЕ, жеңіп келемін. Кейде ойлаймын, «Менің осыншалықты сәттілігім мүмкін менің дүние есігін ЖЕҢІС КҮНІ АШҚАНДЫҒЫМНАН болар», – деп. )))   Бәлкім, мұндай себептен емес те шығар… Қалай десек те, менің өзімнің басқа жай күндерде емес, дәл осы күні, яғни халқымыз үшін ерекше маңызды Жеңіс күнінде тууымды «жай кездейсоқтық» деп қарамаймын. Мені мұндай байланыс қатты толғандырды. Сол себептен болар, жас жүрегімде мынадай жауқазын жыр… тұнды: (Кейбір кездерде осылай жыр жазатыным бар)

Жеңіс күні келіппін жер бетіне, 

Күн күлімдеп қарапты келбетіме. 

Тыңдаумен бесік жырын, жеңіс жырын, 

Бесігімде жатыппын тербетіле… 

kz.xit.kz

Оқуды жалғастыру